Жаңа білім ордалары жемқорлардан қайтарылған қаржыға салына бастады
Бұл туралы Сенат қабырғасында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді. Сондай-ақ Премьер-министр 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы 1,5 млн тонна мұнай жөнелтілетінін айтты. Алдағы уақытта оны 6-6,5 млн тоннаға дейін арттыру мәселесі де қарастырылып жатыр. Бұдан бөлек Атыраудан темір жол арқылы Батумиге және Өзбекстанға мұнай тасымалданады. Сонымен қатар Қытайға да мұнай экспортталады. Қазіргі уақытта дәл осы бағыттарда мұнай экспорты әлеуетін кеңейту және арттыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Үкімет басшысы ірі кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің сақталмауына қатысты да пікір білдірді.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Жақын арада біз көмір өндіру бойынша лицензиясын әрі қарай ұлғайттық. Бірақ келісімшартқа сол ұлғайту кезінде біз қосымша талаптарды жаздық сол. Ол жылына Арселлор Миттал сол көмір өндірісінде жаңғырту үшін кем дегенде 150 млрд теңге жылына инвестиция салу керек.