ШҚО-да жұмыртқа бағасы 8% қымбаттады
Абай облысында жұмыртқа бағасы 6, Шығыс Қазақстанда бірден 8% қымбаттады. Қазір Өскеменде жұмыртқаның он данасы 750 теңге тұрады. Жалпы өлкеде жұмыртқа қымбаттайтындай жөні бар. Өйткені Черемшанка фабрикасының банкротқа ұшырағанына 12 жыл болды. Яғни аймаққа қажетті өнім шекаралас облыстардан және Ресейден тасымалданады.
Диляра Жылқыбаева, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
-Бөлшек саудада бағасы 600-630 теңгені құрайы, бүгінгі күні операторлардың айтуы бойынша, бағаның қымбаттауы маусымдық сипатқа және құс фабрикаларында бағаның қымбаттауынан және облыста өз өніміміздің жоқтығынан.