Ақылжан Баймағамбетов: Инфляция әлі де мақсатты деңгейден жоғары
Еліміздегі инфляция деңгейі төмендесе де, әлі мақсатты деңгейден жоғары. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Сенат отырысында осылай деді. Оның айтуынша, бүгінде инфляциялық тәуекелдер жоғары. Сондықтан реттелетін бағалардың өсуі мен су тасқыны салдарына ерекше мән берген жөн. Ал инфляция бойынша 5 пайыздық межеге жету үшін Ұлттық банк әрі қарай да дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізеді.
Ақылжан Баймағамбетов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:
-Ұлттық банк макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфляция бойынша таргетке қол жеткізу үшін Үкіметпен бірлесіп, белсенді жұмысты жалғастырады.