Хабар телеарнасы

Бектенов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының маңызын атап өтті

Премьер-министр Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Мемлекет басшысы 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын бекіткен болатын. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің сөзінше, ондағы іс-шараларды орындау нәтижесінде ұрлық-қарлық 29 пайызға азайып, қылмыстардың ашылу деңгейі 54 пайызға артқан.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады. Оның айтуынша, 2013 жылдан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 55 пайызға азайған. Биылғы 1-ші қыркүйектен бастап білім саласында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы іске қосылыпты.