Үкіметте венчурлық инвестициялар қорын құру мәселесі талқыланды
Бүгін Үкіметте венчурлық инвестициялар қорын құру мәселесі талқыланды.
Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен жиынға халықаралық және қазақстандық сарапшылар қатысты. Бұл қор жаһандық капиталды тартуға, стартап-экожүйені дамытуға және Қазақстанның өңірлік технологиялар мен инновациялар орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, соңғы бес жылда елде венчурлық капитал көлемі алты есе ұлғайып, 80 млн долларға жеткен. Бүгінгі таңда қордың бастапқы капиталын қалыптастыруға қазақстандық ірі бизнес өкілдерінен 100 млн доллардан астам сомаға өтінім жиналған. Қор жұмысында жасанды интеллект, цифрлық денсаулық сақтау сияқиы замануи бағытқа ерекше назар аударылады.