Хабар телеарнасы

Жыл басынан бері 22 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталған

Қазақстанның қалаларында жол ережесіне қатысты заңбұзушылықты тіркейтін 25 мың автоматты камера бар. Ал соңғы 5 жылда еліміздің автопаркі 1 млн 400 мың көлікпен толыққан. Жыл басынан бері 22 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталған. Бұл туралы Үкіметте өткен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің сөзінше, қазір барлық патрульдік көліктер радарлармен жабдықталған. Одан бөлек жасырын патрульдеу жүргізіледі. Ал жолдардың жайы туралы Көлік министрі Марат Қарабаев баяндады. Биыл 7 мың шақырым жол толық жөнделген. Елді мекендердің айналысына 65 айналма жол салынған.