Хабар телеарнасы

Жамбыл облысындағы тарихи кешендер күл-қоқыстан тазартылды

Кезекті рет ұйымдастырылған экологиялық акцияға 130-ға жуық жастар мен қаланың белсенді азаматтары қатысты. Олар Қаратау қаласындағы тарихи ескерткіштерді, оның ішінде VI-XII ғасырларға жататын жұмбаққа толы Тамды қалашығын, сонымен қатар Батырлар алаңы, Семей полигоны мен Чернобыль апатына қатысушыларға арналған ескерткіштердің айналасын тазартты. Айта кету керек, бір күнгі тазалық шарасында жиналған қоқыс 4 жүк көлігіне тиелді. Шараны ұйымдастыруға «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйытқы болды. Қатысушылар қоршаған ортаға жанашырлық таныту әр азаматтың өмірлік ұстанымы болуы тиіс екенін алға тартты.

Доғдырбек Мәселбеков, «AMANAT» партиясы талас аудандық филиалының төрағасы:
-Жалпы ұлттың денсаулығы бірінші кезекте тазалықтан басталады. Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылып, жүргізіліп жатқан жұмыстар бұл тек қана мынау тазалық жүргізу емес, сонымен қатар бұл жастардың бойында жалпы азаматтардың бойында тазалық мәдениетін қалыптастару.