Қазақстан күрес федерациясы жылдың үздік ұжымы атанды
Қазақстан күрес федерациясы жылдың үздік ұжымы атанды. Грек-рим, еркін және әйелдер күресін біріктірген федерация биылғы есеп беру конференциясын өткізді. Салаға жауапты мамандар мен жаттықтырушылар есебі тыңдалды.
Биыл балуандар олимпиада мен әлем және Азия чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті. Барлық жас бойынша қазақ спортшылары 110 медаль ұтып алды. Демеу Жадыраевтың Париж Олимпиадасындағы күмісі күрестегі есемізді қайтарғандай болды. «Дегенмен федерация жұмысын орташа деп есептеймін. Алда қыруар іс бар екенін ұмытпау керек. 2025-ші жылы бұдан да биік жетістіктерге қол жеткіземіз деп сенемін», - дейді федерация президенті Дәулет Тұрлыханов.