«Жасыл экономика» көрсеткіші өңірлік даму жоспарларына енеді
Үкіметте өткен кеңес отырысында Премьер-министр әкімдерге осындай тапсырма берді.
Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жаңа Жарлығында ауаның ластануын төмендету, органикалық өнім өндірісін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша көрсеткіштер белгіленгенін атап өтті.
Осыған орай «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі жұмыс барлық деңгейде жандандырылуы керек. Тіпті «Экологиялық жобаларды қаржылық қамтамасыз ету үшін жасыл кредиттеу және жасыл облигациялар шығару тетіктерін дамыту қажет», - деді Премьер-министр.