Хабар телеарнасы

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14,25% дейін төмендетті

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14,25% дейін төмендетті. Бұған елдегі инфляцияның динамикасы мен өзге де факторлар әсер етті. Мамандардың есебінше, маусым айында азық-түлік бағасының өсімі 5,4% дейін баяулаған. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 7,4% өскен, қызмет көрсету саласындағы инфляция 13,8% болып тұр. Өткен айда мұнай бағасы орта есеппен 83 доллар болды. Экономикада ең жоғары өсімді құрылыс, көлік, ақпарат және байланыс салалары көрсеткен. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешімін Ұлттық банк енді 29 тамызда жариялайды.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы:
- Қабылдаған шешіміміз ақша-кредит саясатының ұстамды қатаң сипатын сақтау позициясына негізделген. Бұл бағаның өсуін бәсеңдетуге және инфляция бойынша 5% мақсатқа қол жеткізуге арналған трендті бекіту үшін қажет.