Жалпыға бірдей декларациялау кіріс пен шығысты ашық көрсетеді
Жалпыға бірдей декларациялау кірістің ашықтығын көрсетіп, көлеңкелі экономикамен күресуге ықпал етеді. Көпшілік қаражатының кірісі мен шығысы арасындағы сәйкессіздікті анықтауға көмектеседі. Алматыда Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржановтың қатысуымен жиын өтті. Басқосуға қатысқан Сенат және мәслихат депутаттары, бизнес қауымдастық өкілдері Салық кодексі мен Бюджет кодексін талқылады. Еске сала кетейік, салық кодексі Мемлекет басшысының тапсырмасымен дайындалып жатыр. Яғни жеңіл әрі халыққа түсінікті болу жағы қарастырылған. Мамандардың айтуынша, ондағы бақылау функциясы сервистік қызмет атқару түріне ауыстырылды. Оған қоса оқыту мен кеңес беру қызметі қосылды. Сонымен қатар мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қайта қарастырылып жатыр. Банк шоттарын бұғаттау азаяды. Қарыз көлемі аз болса, оның орнына хабарлама жіберумен шектеледі.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
-Тағы бір жеңілдіктің бірі салық төлеуші уақытылы нысананы тапсырмаса әкімшілік жаза көзделген болатын. Жыл сайын 150 мыңға жуық салық төлеуші осы жазаға тартылатын болған. Қазіргі таңда осы кодекс шеңберінде осы әкімшілік жазаны алып тастап отырмыз. Егер де салық төлеуші уақытылы нысананы тапсырмаса біз оны нольді нысана тапсырды деген дерек енгіземіз. Егер салық төлеуші өзінің нысанасын жөндейміз десе мүмкіндігі бар. Сондықтан осы жеңілдіктер қарастырылған.