Қазақстан ЭЫДҰ бастамасына қосылды
Осы жемқорлықпен халықаралық деңгейде күресу үшін Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының тағы бір маңызды бастамасына қосылды.
Делегациямыз алғаш рет ұйымның Қоғамдағы парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысты. Беделді ұйымға мүше елдермен бірге Қазақстан да өз тәжірибесімен бөлісті. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қатысты көзқарасының өзгеруі және онымен күрес бойынша индексі жақсарды.
Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Осы іс-шарада мемлекеттік және жеке секторлар адалдық пен сатылмаушылық, мүдделер қақтығысы және қоғаммен өзара байланысы мәселелері, сондай-ақ жемқорлықпен күрестің озық құралдары талқыланды. Менің ойымша, осындай кездесулер өте пайдалы, әрі өте маңызды.