Хабар телеарнасы

Күзгі Kaspi Жұма 8, 9 және 10 қарашада өтеді

Ертең Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі басталады. Науқан үш күнге созылады. Яғни 8, 9 және 10 қараша күндері Kaspi.kz қолданушылары кез келген затты 24 айға бөліп төлеуге ала алады. Бұл оқиғаны сатып алушылар ғана емес, сатушылар да асыға күтуде.

Kaspi Жұмаға қатысатын қазақстандық өндірушілердің саны жыл сайын артып келеді.

Әділбек Болат, Kepler компаниясы сату бөлімінің қызметкері:

- Kaspi Жұма басталған кезінде бізде көптеген өтінім саны көбейеді. Жалпы күндері 40-50 өтінім түседі. Kaspi Жұма басталған кезде 70 өнімге, күніне 70 өнімге дейін өсе береді. Сондықтан шағын орта бизнеске көптеген пайдасы тиеді. Біз жергілікті өндірістік компания болған соң, бізге ұлғаюға, кеңеюге, үлкен мүмкіншілік береді.Сондықтан біз әрқашан Kaspi Жұмаға дайынбыз және ашықпыз.

Мадина Камалдинова, «Седьмой элемент» брендінің негізін салушы:

- Біз Kaspi Жұмаға 3 жылдан бері қатысамыз. Ең кішкентай қалаға және ауылдарға біздің заттарымыздың жететіне өте қуаныштымыз. Kaspi Жұма үшін біздің сатылым көлемі 30-40 пайызға көтеріледі. Бізге қазақстандық өндірушілерге Kaspi Жұма өте жақсы көмектеседі.

Электронды саудамен қатар жеткізу қызметтері де дамып жатыр.

Арлан Жаксылық, Sun logistics жеткізу қызметінің басшысы:

- Kaspi Жұма біз үшін ерекше күндердің бірі. Тапсырыстардың саны 2 есе көбейіп, жоспар бойынша алдын ала дайындалып, қызметкерлердің, көліктердің санын көбейтіп, қосымша қойма, бөлмелерді дайындап, жылдам жұмыс жасауға барымызды саламыз.

Бұл мүмкіндіктердің барлығы – Kaspi.kz-тің үлкен еңбегі мен инвестициясының нәтижесі. Жақында Михаил Ломтадзе форумда осы туралы айтып өтті.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:

- Мынадай мүмкіндіктер мен технологияларды жасамасақ, жағдай қалай боларын елестетіп көріңіз. Бұл – үлкен инвестиция. Қызметтерді әзірлеу, дизайн және қолдауға біз жыл сайын шамамен 200 млн АҚШ долларын жұмсаймыз. Біз бұл қызметтерді серіктестерімізге ұсынамыз. Біздің маркетплейс болмаса, тек шетелдік платформалар мен сатушылар басымдық алып, ал қазақстандық шағын және орта бизнес олармен бәсекелесе алмас еді.

Kaspi-дің барлық қызметтерін біздің қазақстандық команда жасағанын да айта кеткен жөн.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:

- Біз жасаған технологиялар, өнімдер мен қызметтер – барлығы Қазақстанда, қазақстандық команда. Kaspi-де істейтін адамдар жасаған. Біз осында 24 сағат бойы отырып, осындай керемет қызметтерді жасау үшін жұмыс істейміз.

Kaspi.kz тәжірибесін бірнеше жылдан бері Гарвардта зерттеп келеді. Бұл – инновациялардың адамдарға, бизнеске және ел экономикасына пайда әкелетінінің нағыз үлгісі.

Дамир Берікұлы