Оныншы Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі өтті
Қазақстанда оныншы рет Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі өтті.
Бірнеше жылдың ішінде ғана Қазақстандағы сауда күрт өзгерді. Көлеңкелі айналымның орнына – ашық сату. Базарлар мен бөліп төлеу кезінде жиналатын топтың орнын, тегін жеткізу арқылы онлайн сатып алу басты. Бұл өзгерістің негізгі жетекшісі біздің тиімді сауда туралы көзқарасымызды түбегейлі өзгерткен Kaspi Жұма бүкілхалықтық сатып алу мерекесі болды.
Ринат Досанов, Josiny дүкенінің әкімшісі:
-Біздің компания жас компания болып саналады нарықта. Соны көбісі Kaspi Жұманың арқасында Kaspi арқылы біліп жатыр. Алдыңғы аптамен салыстырған кезде келген адамдардан саны 40%-ке дейін өскен. Сатылымдар да жоғары жүріп жатыр. Олар да 40%-ке дейін көтеріліп жатыр. 24 айға бөліп төлеу үстінде ешқандай артық төлемдері жоқ. Қай сумманы алады, сол сумманы төлейді. Сол себепті компаниялардың жаңа жұмыс орындары ашылады, пайдасы көбейеді, таза пайда көбейеді. Жаңа магазиндер ашылуына үлкен көмек береді.
Бақытбек Қадыров, «12 месяцев» дүкенінен сатып алушы:
-Kaspi Жұмаға деп келдім. Сол ванна таңдап жүргем, магазиннен қарап. Kaspi Жұма мен үшін мереке, ыңғайлы болғаннан кейін Kaspi Жұма деп келеміз. Kaspi Жұманы күтем. Өйткені бұл ыңғайлы.
Онлайн сауданың өсуінің арқасында жеткізу саласы да табысты дамып келеді.
Нұрберген Стамжан, Zammler логистикалық компаниясының қабылдаушысы:
-Kaspi Жұманың компаниямызға плюсі бізге келетін тауарлардың саны бірнеше есеге ұлғайып және де рекордтық деңгейде болып жатыр. Kaspi Жұма кезінде қосымша қызметкерлерді жұмысқа шақырамыз. Себебі біздің Kaspi Жұмада тапсырыстардың көлемі бірнеше есеге өседі.
Ақпанның суық күндері қазақстандықтар үйден шықпай-ақ затты тиімді сатып алу мүмкіндігіне ерекше қуануда.
Айым Нұрахметқалиева, «Технодом» дүкенінен сатып алушы:
-Мен осы Kaspi Жұмада тоңазытқышқа тапсырыс бердім. Ол өте тиімді мен үшін. Себебі 260 мың теңге әркімнің қолында болмайды. Сол үшін мен мұны Kaspi Жұмадан алдым. Әр ай сайын 10 мыңға төлеп отырамын. Мен үшін ол өте жақсы, әрі тиімді.
Kaspi.kz сонымен қатар бірнеше мың Kaspi Postomat-тан құралған тұтас желісін қалыптастырды. Тіпті шағын елді мекен тұрғыны да де тапсырыс беріп, сатып алған затын өзіне ыңғайлы уақытта ала алады.
Сарбиназ, сатып алушы:
-Телефон алдық. Реалми алдым. Өзімнің үйімнің қасындағы Kaspi Постоматқа әкеліп берді. 2 күннің ішінде. Өзімнің бірінші телефоным Kaspi Жұмадан алған ыңғайлы болды, бірінші рет алғаннан кейін. Қуаныштымын.
Қолма-қол ақшасыз айналым неғұрлым көп болса, экономика соғұрлым ашық болады. Бюджетке түсетін салық түсімдері артып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал сатып алушылар артық төлемсіз және отбасылық бюджетке салмақ түсірмей тиімді зат сатып алу үшін әр Kaspi Жұманы күтеді.
Авторлары: Диана Қадыр