Хабар телеарнасы

Енді кәсіпкерлер ЕЭО елдерінде тендерге қатыса алады

Қазақстанның кәсіпкерлері енді Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тендерге емін-еркін қатыса алады.

Сенаторлар олардың банктік кепілдемесін өзара тану туралы келісімді бекітті. Құжат одаққа мүше басқа елде өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға біздің өнім берушілердің кедергісіз қатысуына жол ашып, елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сеп болады, - дейді депутаттар.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одаққа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения және Беларусь елдері мүше. Дегенмен мемлекеттік сатып алу саласында әр елдің өз талаптары бар.

Дәурен Кеңбейіл, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Біздің мемлекеттік сатып алу жүйеміз 100% автоматтандырылған, цифландырылған. Олар біздің елге келіп қатысу үшін біздің елде заңды тұлға ашу керек. Электронды цифрлық қолтаңба алу керек. Және де қаржылық тұрақтылығы болуы керек. Қаржылық тұрақтылық біздің дереккөздер, базалар арқылы тексеріледі.