Арабтардан бірталай инвестиция күтуге болады – сарапшы
Біріккен Араб Әмірліктері – Таяу Шығыстағы технологиялық озық елдердің бірі.
2023 жылы аталған елден 900 млн доллардан аса инвестиция келген. Алдағы уақытта қай салаларда араб серіктестерімізді күтуге болатындығы турасында сарапшы Талғат Қалиев пікірімен бөлісті.
Талғат Қалиев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры :
- Бірталай дамыған технологиялары бар. Ауыл шаруашылығы технология жағынан өте дамыған ел. Сосын су сақтау жағынан бір жақсы технологиялары бар. Бізге өзі мұнайдан басқа бүкіл жаққа бірталай инвестиция күтуге болады. Сосын сирек жер металдары жағынан да қызығатындары бар. Өйткені ол технология жағынан дамыған ел. Сондықтан соны біз жаққа өндіріп, зауыт құрады ма? Сондай да бір жоспарлары бар.