Нұрсұлтан Назарбаев қос қорықшыға мемлекеттік награда тағайындады
Браконьерлермен күресте ерлік танытып, қарақшылардың сесіне қарсы тұрған марқұм Ерлан Нұрғалиев пен оның серігі Петр Ницыкке III дәрежелі «Барыс» ордені берілді.
Естеріңізде болса, өткен айдың ортасында Қарағанды облысы, Нұра ауданы аумағында кезекшілікте жүрген қос инспекторға браконьерлер шабуыл жасаған еді. Ауыр соққыдан «Охотзоопром» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмған болатын.