Үкімет отырысында өрт қауіпсіздігі мәселесі қаралды
Тікелей байланысқа шыққан қала әкімі қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын және қандай көмек көрсетілетіндігі жайлы баяндады.
Бақыт Сұлтанов, қала әкімі:
- Астана қаласы әкімдігі тарапынан барлық тиісті көмек берілуде. Атап айтқанда, жерлеу рәсімі, ас беру ұйымдастырылып, материалдық және психологиялық тұрғыда көмек көрсетілуде. Тиісті комиссия құрылды. Қазіргі күні ата-аналарымен де жұмыс жасап жатырмыз. Ары қарай қандай жәрдем көрсетілетіндігі келесі шараларда қабылданатын болады. Жан-жақты көмек көрсетіледі.