СҚО-да қызылша эпидемиясы белең алып барады
Зертханалық тексеруден кейін 26 адамның осы ауруға шалдыққаны расталды. Қазір науқастар ауруханада емделуде. Олардың дені – 14 жасқа толмаған балалар. Жауапты мамандар: «Алаңдауға негіз жоқ. Жағдай қатаң бақылауда», – дейді. Аймаққа БҚО-дан қосымша вакцина сатып алынды.
Күлпәш Таласбаева, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлімінің бас маманы:
- Ауруға шалдыққандардың барлығы екпе жасамаған азаматтар. Сондықтан денсаулық сақтау басқармасындағылар БҚО-дан 1 500 доза екпе сатып алды. Бүгінгі күні аталған вакциналар қалалық емханалар мен аудандық ауруханаларға таратылды. Бүгінде науқас адамдармен қарым-қатынаста болған адамдар тексеруден өтіп жатыр.