Жаңа Үкіметке қойылатын талап зор
Ал министрлер сол сәтте министр міндетін атқарушыларға айналды. «Өткен жылдардағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты болды. Бұл – жақсы кезең. Бірақ қазіргі уақыт талабы үшін жеткіліксіз» – дей келе, Мемлекет басшысы ел үшін маңызды шешім қабылдады. «Ендігі қадамдардың мүлде жаңа бағытта жасалатынын аңғаруға болады», – дейді белгілі саясаттанушы Талғат Қалиев.
Талғат Қалиев, саясаттанушы:
- Үкімет Ақордаға жалтақтап, жоғарыдан бұйрық күтіп жұмыс істеп келді. Министрлер кабинетінің өз идеясы, бастамасы болмады. Ал жаңа форматтағы басқару жүйесінде Үкімет керісінше бастамашыл, тәуекелдерді болжай алып, өңірлермен жұмысын жандандырып отыруы тиіс еді. Бірақ олай болмады. Президент бірнеше рет ескерту жасады. Әдемі есеп беру бар да, нақты нәтиже көрсету бар. Тікелей әлеуметтік көмек көздеген мақсатқа жеткізбей отыр. Әлеуметтік бағыттағы жұмыстың міндеті – барлығын ақшаға қарық қылып тастау емес, сапалы өмірді қамтамасыз ету. Оған қоғамдық қауіпсіздік, сапалы білім қолжетімділігі, мәдениет, жолдар, демалыс т.б. кіреді. Бұл мәселені тек ақшамен шеше алмайсың. Халыққа ертеңгі күнге деген сенімділік керек.