Астықты аймақта нан бағасы қымбаттады
Ал кейбір дүкендерде тіпті 120 теңгеден сатылады. «Бидай бағасының өсуі нанның қымбаттауына себеп болды», – дейді қалалық әкімдікте. Ал әлеуметтік нанның бағасы өзгерген жоқ. Бұрынғыша 61 теңге. Бірақ әлеуметтік нанды ешкім алмайды. «Бір сауда орнында күніне 10 ғана бөлке өтуі мүмкін», – дейді сатушылар.
Айта кетейік, облыста соңғы жарты жылда нан үшінші рет қымбаттап отыр.
Евгения Сальникова, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Бізде нан-тоқаш комбинаты нанның екі түрін шығарады. Біріншісі, қалалық 61 теңге тұратын нан. Ал екіншісі, ерекше петропавлдық. Ол әлеуметтік маңызы бар өнімге жатпайды.