Хабар телеарнасы

Ақпарат пен Қорғаныс министрлігі қайта құрылымдалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздегі Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып қайта құрылады. Оған Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріледі.

Ал Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып жасақталады. Оған байланыс, ақпараттандыру, «Электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу функциялары беріледі.

Ал бұрынғы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылады. Бұл тұрғыда Үкіметке қайта ұйымдастырылатын және таратылатын мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынышты ұйымдардың штат санын қайта бөлу тапсырылды. Бұл жұмыс Президент Әкімшілігінің келісімімен жүзеге асады.