Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа әкімді өңірге таныстыруға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин барды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Өмірзақ Шөкеевті әкімдікке тағайындау туралы Президенттің ұсыныс хаты оқылғаннан кейін жаңа кандидатура бірауыздан мақұлданды.
Өмірзақ Шөкеев – Түркістан қаласының тумасы. Сондықтан өңірді өркендету міндеті Өмірзақ Шөкеевке жүктеліп отыр. Әкімдік қызмет оған таңсық емес. Бұған дейін бірнеше өңір жетекшісі, Астана қаласының әкімі, Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, Ұлттық компания басшысы, министр, вице-премьер лауазымдарын абыроймен атқарған Өмірзақ Шөкеевті енді өңірдегі ауқымды құрылыс жұмыстары күтіп тұр.
Сессия барысында Жансейіт Түймебаевқа алғыс білдіріліп, облысты басқарған жылдардағы оң өзгерістері әділ бағасын алды.