Ерболат Досаев Ұлттық банк төрағасы қызметіне кірісті
«Бірінші кезекте Мемлекет басшысы жүктеген ақша-несие саясатын жетілдіру, банк секторын сауықтыру, баға тұрақтылығы мен экономикалық өсім арасындағы тепе-теңдікті сақтау сынды міндеттерді жүзеге асыру керек», – деді Әсет Исекешев.
Бұған қоса банк активтерін, тәуелсіз бағалау мен еңбек нарығын дамыту күн тәртібіндегі маңызды мәселелер екенін атап өтті. Жалпы Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға да жауапты.
Мемлекет басшысы: «Ұлттық экономика министрлігі мен Ұлттық банк бірігіп, кәсіпкерлікті жандандыру арқылы жұмыс орындарын көбейтіп, мемлекеттің де, халықтың да табысын арттыруы тиіс», – деген-ді. Ерболат Досаев Президент артқан сенімге алғыс білдіріп: «Көзделген жоспарлар нәтижелі жүзеге асыралады», – деді