Аймақтарда нан бағасы қымбаттады
Екінші сұрыпты ұннан жасалатын бөлкенің бағасы кей өңірлерде 10-15 теңгеге қымбаттап кетті. Мәселен, СҚО-да 500 грамдық нан 91 теңгеден 105 теңгеге, Павлодарда 75 теңгеден 85 теңгеге бірақ шарықтады. Мамандар баға өсімін шикізаттың қымбаттауымен байланыстырады. Тағы бір себебі – элеватордағы астық тапшылығы.
Ертіс өңірінде 17 наубайхана халыққа күнбе-күн нан-тоқаш өнімдерін ұсынады. 500 грамдық формалы ас атасының бағасы 10 теңгеге бірақ қымбаттады. Қазіргі уақытта бір нан 85 теңгеден сатылуда.
Қатира Шахметова, қала тұрғыны:
- Біз зейнеттеміз. Зейнетақыны ақырын жеткіземіз. Тамақтар мысалы, ет, жұмыртқа, май бағасы тым қымбат.
Мамандардың айтуынша, өнім бағасының өсуі, яғни негізгі шикізат бірінші сұрыпты ұнның қымбаттауы себеп. Біршама уақыт бұрын келісі 73 теңгеден сатылған ұн 80 теңгеге көтерілген. Бөлшек саудада нан бағасын ұстап тұру қиындау екені түсінікті. Сондықтан әзірге баға 30 әлеуметтік дүкенде 85 теңгеден аспайды. Өзге сауда нүктелері нанды 90-95 теңгеден саудалауда.
Марат Асипов, қалалық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:
- Қазіргі уақытта әлеуметтік дүкендермен меморандумға отырдық. Бұл сауда нүктелері нанның бағасын 85 теңгеден асырмауға келісті. Енді ірі сауда желілерімен уағдаласпақпыз. Бұл – өнім бағасын тұрақтандыруға бағытталған істер.
Бүгінде қала тұрғындары бір тәулікте 65 мың бөлке нан тұтынады. Бұл қажеттіліктің төрттен бір бөлігін Павлодар нан-тоқаш комбинаты өтейді. Кәсіпорын өкілдері өнімнің бағасын көтеруге мәжбүр. Себебі шығынға бата берген.
Виталий Сартаков, нан-тоқаш комбинатының директоры:
- Соңғы үш аптада шикізат бағасы қамбаттай берді. Бағаны ұстап тұруға тырыстық. Бірақ көпке соза алмадық. Мәселен, қара бидай ұны 27 теңгеге қымбаттады. Жағдай өзгермесе, нанды 105 теңгеге көтереміз.
Шенеуніктер: «Бағаны реттейміз», – деп тырысуда. Бірақ астық өндірушілер әлемдік нарыққа тәуелді. Нарықта бидайдың үшінші сұрыбының бір тоннасы 55 мың теңгеден 65 мың теңгеге қымбаттаған.
Ерлан Тоқтұшақов, кооператив жетекшісі:
- Бұл – нарықтың талабы. Біздің нарыққа қосымша астық керек. Біз ұн тарту кәсіпорындарымен серіктестік орнатуға дайынбыз. Келіссөзге де тарттық. Бірақ екінші тараптан қолдау жоқ.
Аймақтық «Азық-түлік корпорациясы» өкілдігі де осындай пікірде. Сонымен қатар шикізатты сатып алудың қызыған шағындағы баға өсімі себеп. Бүгінде қамбаларда өнім жоқ емес, бар. Павлодар облысының мемлекеттік қорында 31 мың дән сақтаулы.
Мақсұт Шаймарданов, «Азық-түлік корпорациясының» аймақтық өкілі:
- Қазіргі уақытта екі облысты қосқанда 4,5 мың тонна ғана сатып алынды. 2,5 мың тонна ШҚО, 2 мың тонна Павлодар. Павлодар облысында жағдай қиындау. Вагондар жетіспей, экспортта орын болмай қалды. Павлодар элеваторы – негізгі себептердің бірі.
«Нан бағасын тұрақтандырудың оңтайлы жолы – әлеуметтік астық сатып алу», – дейді мамандар. Мәселені шешу мақсатында алдағы уақытта мың тонна астық сатып алынбақ. Әзірге өнім қандай бағамен сатылып алынатыны белгісіз. Дәл осындай механизм бес жыл бұрын қолданыста болған.
Авторлары: Ақмарал Есімханова, Олжас Керейхан, Марат Игіліков