Хабар телеарнасы

Алғыс айту күніне орай өзге этнос өкілдері қазақтарға алғыстарын білдірді

Бұл күні Қазақстанда тұратын өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл, қонақжай қазақ халқына алғыстарын айтады.

«Біздің ата-бабаларымызды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға ризашылығымызды білдіреміз», – дейді Түркістан облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Фарит Аюпов.

Айта кетейік, өткен ғасырдың 30-шы жылдары қазақ даласына түрлі желеумен 1 млн-нан астам түрлі ұлт өкілдері жер аударылды. Оның 25 мыңдайы христиан ұлтының өкілдері болатын. Кейін 50-ші жылдары тың игеру кезеңінде тағы да 1 млн 200 мыңдай адам көшіп келді.

Фарит Аюпов, облыстық Татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Бәріңізге денсаулық, бақыт тілеймін! Отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз биік болсын! Барлық этнос өкілдері қазақтармен жақсы өмір сүріп жатыр. Татулық, дәстүр, бізде бәрі жақсы. Біз қонақжай қазақ халқына үлкен рахмет айтамыз!