«Әлеуметтік қамқорлық»: 40 медициналық нысан салынады
Ал келер жылы 25 нысан бой көтеріп, алғашқы санитарлық көмек 100% қолжетімді болады. Сондай-ақ былтыр 27 жедел жәрдем көлігі сатып алынған. Алайда ақ халаттылардың шақыртуларға дер кезінде жетуі үшін әлі де 42 автокөлік қажет. Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы санитарлық көмекке қосымша қаржы бөлу туралы ұсыныстарын жіберді.
Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Былтыр біз 39 алғашқы санитарлық көмек нысандарын пайдалануға бердік. Оның ішінде 30-ы жекеменшік әріптестік аясында, ал биыл 40 нысан пайдалануға беруге жоспарлап отырмыз. 2020 жылы 25 нысан соғылады. Сонымен біздің облысымызда алғашқы санитарлық көмектің қажеттілігі 100% қамтитын болады.