Мереке күні сыйлыққа қандай гүл алған жөн?
Аруларымызға гүл сыйлау – жазылмаған заңдылық. Әдетте қыз-келіншектер раушан гүлдерін ерекше ұнатады екен. Әсемдігі мен хош иісі жағынан оған тең келер гүл кем де кем. Ең қымбаты да – осылар. Одан кейінгісі – жауқазын. Бәйшешекті ұнататындар да бар. Ең бастысы көздің жауын алатын сұлулыққа аруларымыздың көңілі толғаны маңызды.