Nur Otan партиясы 8 наурыз күні жұмыста жүрген аналарды құттықтады
Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Астананың бірнеше нысанын аралап, нәзік жандыларға сый-сияпат жасады. Қыз-келіншектерді құттықтау №1 қалалық ауруханадан басталды. Мұнда 1100-ден аса қызметкер жұмыс істейді, жартысынан көбі – әйел. Антына адал олар күні-түні адам өміріне араша түседі.
Мәулен Әшімбаев аруларға жылы лебізін білдірді. Мамандандырылған балалар үйінің тәрбиешілерін де құттықтады. Әйелдер мерекесінде көпбалалы аналар да назардан тыс қалмады. Мәулен Әшімбаев 7 баланы өсірген Нұрила Жетпісқызына арнайы барды. Сексеннің сеңгіріне шыққан әжей 18 немере, 10 шөбере сүйіп отыр.
Нұрила Байбатырова, көпбалалы ана:
- Елбасы әйел қауымына бүкіл қызметті жасап жатыр ғой. Жас отбасыға да сондай көмек көрсетуде. Көп жақсылық жасап жатыр, қайырымен болсын. Бәрі мен ұқсап көпбалалы ана болсын, әже болсын.