ЕАЭО елдері мен Иран арасында еркін сауда аймағы құрылады
Мұндай жеңілдік ЕАЭО-ға мүше елдер мен Иран арасындағы еркін сауда аймағын құру жөніндегі келісім аясында мүмкін болды. Мәжілісте оны ратификациялау жөніндегі заң жобасы мақұлданды. ЕАЭО-ға мүше елдер де құрма, інжір, кілем, ыдыс сынды өзге де Ираннан келетін импорт тауарларына салықты азайтады.
Арман Қожахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Иран келісім аясында өңделген мұнай өнімдері, мазут, мотор майы, тіпті қияр, қызанақ, картоп және кондитерлік өнімдерін жеңілдетілген салықпен экспорттауға мүмкіндік алған. Бұл өнімдер Қазақстанда да өндіріледі. Ертең бұл отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне ықпалын тигізбейді ме?
Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Келіссөздер кезінде Иран бір мың тауарына жеңілдік сұраған, бірақ тізім 502-ге дейін қысқартылды. Қазақстанға Иран импорты қажет. Алма, цитрус, құрма, інжір сатып аламыз. Салық тарифі 15% болған, енді тек 11% азайтылды. Мазутқа жеңілдік 5-тен 2,5% төмендетілді. Қазақстан да бидай, арпа секілді өз экспортына жеңілдік алып отыр.
Қазақстандық авторлардың құқығы ЕАЭО аумағында қорғалады
Енді қазақстандық авторлардың құқы ЕАЭО аумағында қорғалады. Мәжілісте авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқаруға қатысты заң жобасы мақұлданды. Қазақстанда авторлық құқықты қорғайтын 9 ұйым бар. Олар автормен де, өнімді пайдаланушылармен де келісімге отырады. Егер авторлық құқық бұзылса, осы ұйымдар айыппұл салып, автор шығынын өндіріп береді.