Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне байланысты Беларусь саясаткерлері өз ойын білдірді
Ал оның Конституциялық Кеңес құрамында қалуы ел дамуына кепілдік береді. Сондай-ақ «Өзекті тұжырымдама» ақпараттық-ағартушылық мекемесінің директоры Александр Шпаковский да пікірмен бөлісті. Сарапшы: «Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген бағытын жалғастыру арқылы мемлекет дамуының тұрақтылығын сақтай алады», – деп есептейді.
Алексей Дзермант, саясаткер:
- Әрине, бұл – дәуір өзгерісі. Қазақстанды басқаруға жас саясаткерлер келеді. Дегенмен Елбасы, Ұлт көшбасшысы Қазақстанның даму бағытын бақылайтын болады, яғни ол саясат сахнасынан алшақ кетпейді.