Хабар телеарнасы

Елімізде әлеуметтік көмек көрсету бойынша Call-орталық іске қосылды

Тұрғындар 111 бірыңғай байланыс нөміріне тегін хабарласып, қажетті ақпарат пен мамандар кеңесін ала алады. Сонымен қатар азаматтар атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін өздері есептей алады. Ол үшін онлайн-калькулятордың көмегіне жүгінсе болғаны. Онда қолданушы отбасының жиынтық табысын, отбасы мүшелері мен балалар санын енгізуі қажет.