Сайлау өткізу туралы жарлық шықты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысы Конституцияның 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес бекітілді. Құжатта сайлауды 2019 жылдың 9 маусымына тағайындау, Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету керектігі жазылған.
Сондай-ақ «Үкімет ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын» делінген. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдеріне сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасау, орталық, аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларына жан-жақты көмек көрсету тапсырылды. Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.