Хабар телеарнасы

Елбасы Қытай елшісі Чжан Сяомен кездесті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін атап өтіп, оны әрі қарай дамытудың мән-маңызына тоқталды. Бұдан соң барша Қытай халқын Қытай Халық Республикасының 70 жылдығымен құттықтап, Төраға Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» атты II Халықаралық форумға шақыруын ризашылықпен қабыл алғанын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Я с большим удовольствием принял приглашение Председателя Си Цзиньпина. Я собираюсь участвовать в форуме «Один пояс, один путь», где мы будем выступать. Скажем о результатах, достижениях. Будем говорить о будущей нашей совместной работы. Я знаю, что у меня будет отдельная встреча с Председателем КНР. Я ему очень благодарен за поддержку. Мы все эти 7 лет работали вместе. И всегда было полное взаимопонимание.

Чжан Сяо, Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Ең алдымен мен Сіздің жақын досыңыз Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің зор ілтипатын жеткізгім келеді. Сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» атты екінші форум – 37 мемлекет пен үкімет басшылықтары қатысатын ауқымды халықаралық шара. Қатысушылардың ішінде Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы бұл іс-шараның маңызды әрі құрметті қонағы боласыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Спасибо. Все годы независимости я веду совместную работу. За эти годы отношения Китая с Казахстаном с нуля поднялись до огромных высот. И огромную работу провели по инфраструктуре, по границам, по всем вопросам с Председателем Си Цзиньпином решали. Дальше продолжали с Председателем Ху Цзиньтао. И вот, очень плодотворное, доверительное сотрудничество с Председателем Си Цзиньпином.  Я очень ценю. И Казахстан ценит. И новый Президент такого же мнения по всем этим вопросам. И мы эти отношения будем продолжать, потому что это выгодно и для Казахстана.