Ауылда тұратын музыкант жүзден астам сырнай, баян жинаған
Өнер ұжымы облысқа танымал болып та үлгерген.
Бұл – сөзін жазған ақын Тұманбай Молдағалиев пен композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әні. «Хуторок» балалар ансамблі осындай есті шығармаларды орындағанға әуес.
Биыл – ансамблдің құрылғанына 5 жыл. Ұжым жетекшісі Юрий Бакай өнерлі оқушылардың басын қосып, осындай ансамбль құруды көздеген. Сырнайды мәніне келтіре орындайтын бүлдіршіндердің еңбегі де елеусіз қалмады, облыстық Мәдениет басқармасы өнерпаз ұжымға «Үлгілі» деген атақ берді.
Дина Ғабдуллина, ансамбль мүшесі:
- Маған ұнайды. Себебі өте қызықты және керемет. Менің баянмен ойнайтыныма 4 жыл болды. Ал мына аспаппен «Катюшаны» орындаймын.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Бір қызығы, кейбір аспаптар қолда бар заттардан жасалған. Мына бір жеңіл көліктің беріліс қорабы қазір жүргізушінің емес, музыканттың қолында. Енді ол барабанның таяғына айналды.
Юрий Бакай сырнайдың түр-түрін жинаған. Үйінде қазір сырнай, баян, аккордеонның 170-тей түрі бар.
Бүгінде балалар ансамблі мерекелік шаралардың гүліне айналды. Ал Юрий Бакай енді аспаптар мұражайын ашуды жоспарлап жүр.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев