Қазақстан Президенттігіне үміткер мемлекеттік тілді жетік меңгермеген
Лингвистикалық комиссия осындай қорытынды шығарды. «Үміткер берілген уақытты толық пайдаланғанымен, шығармада көп қате жіберді. «Абай жолы» романынан үзінді оқу кезінде мемлекеттік тілге шорқақтығы көрінді, баяндама тақырыбы да ашылмады», – деді лингвистикалық комиссия мүшелері.
Әділ Ахметов, лингвистикалық комиссияның мүшесі:
- Комиссия көп кеңесіп, талқылап осындай шешімге келді. Мәселен, шығармада бас-аяғы 13 сөйлем болса, содан 19 қате кетті. Сондықтан Президенттікке үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген комиссияның қорытындысы шықты.