Жамағат 30 күн бойы ауыз бекітіп, бес парызының бірін өтейді. Ізгі амалдар мен ақ ниет тоғысқан бұл ай мұсылмандар үшін ұлық саналады. Діни басқарманың мәліметінше, қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түнге келеді. Ал 5 маусым – ораза айттың бірінші күні. Пітір садақаның мөлшері биыл 300 теңге көлемінде.