Мереке күніне арналған қазақ батырлары туралы кітап көрмесі өтті
Осындай атаумен ұлттық академиялық кітапханада Отан қорғаушылар мерекесі мен Жеңіс күніне арналған кітап көрмесі өтті. Көрмеге ел тыныштығын сақтауға өлшеусіз үлес қосқан батырлар жайлы жазылған шығармалар қойылды. Оқырманға баһадүр бабалардың айбынды ерлігі жайлы айтылды. Сондай-ақ Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов сынды қан майданда қару мен қаламды қатар ұстаған батырлардың өмірі сөз болды.
Төрегелді Тұяқбай, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғалым-хатшысы:
- Осынша ұлан ғайыр жерімізді ата-бабамыз бізге аманаттап қалдырғаннан кейін әрине, тәуелсіз мемлекетімізді қорғап тұратын лайықты әскеріміз де бар. Кейінгі жастарға патриоттық, отансүйгіштік тәрбие беру жолында ең бір маңызды құрал – кітап. Осының бәрін келер ұрпақ кітап арқылы оқып, біліп отыруы керек.