Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Одан кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат беріп, саяси науқанға атсалысып жатқан барша халыққа, отандық және шетелдік байқаушыларға алғысын білдірді.
Айта кеткен жөн, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында орналасқан сайлау учаскесіне 2 500 адам тіркелген. Таң сәріден бастап олар өздерінің конституциялық құқығын пайдалынып, таңдауларын жасап жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер:
- Сайлаудың демократиялық түрде болатынына ешқандай күмәнім жоқ. Мемлекет тарапынан, Үкімет тарапынан барлық іс-шараны жасадық. Енді өте жауапты кезең келіп отыр. Халқымыз ешқашан елде болып жатқан саяси өзгерістерге бейжай қарамаған. Бүгін азаматтарымыз осы сайлауға келіп, дауыс беріп, өз белсенділігін білдіреді деп үміттенемін.