Хабар телеарнасы

Үміткер Сәдібек Түгел: Сайлау – ел дамуын жаңа сатыға көтеретін маңызды оқиға

Оның айтуынша, бұл – ұлт тағдырын айқындайтын, ел дамуын жаңа сатыға көтеретін маңызды оқиға. Кандидат дауыс беруге отбасымен келген. «Немерелерім сайлаудың ел үшін қаншалықты маңызды екендігін қазірден бастап саналарына түйіп өсулері қажет», – дейді.

Сәдібек Түгел, ҚР Президенттігіне үміткер:

- Ағылып келіп жатқан сайлаушылар легін байқап тұрмын. Халық керемет белсенділік көрсетуде. Бұл нені көрсетеді? Бұл – азаматтардың бойында еліне, халқына, мемлекетіне деген патриоттық сезімдерінің айғағы. Осының бәрі менің жүрегімді қуанышқа кернеп тұр.