Халықаралық байқаушылар: Сайлау заңға сай өтуде
Төрт адамнан тұратын топ елордадағы дауыс беру учаскелерін аралауда. Олар біздің елде бұған дейінгі президент сайлауында да болыпты. Мамандар салыстырмалы түрде ұйымдастыру шаралары жақсарғандығын ерекше атап өтті. Дауыс беруде де заңбұзушылықтар анықталмаған.
Александр Цинкер, Халықаралық байқаушы /Израиль/:
- Дауыс беруге келгендердің кейбірі тізімде жоқ болса, осы жердің өзінде мекенжай анықтамасын алу арқылы өз таңдауын жасауға болады. Қазақстанның осы артықшылығын жеке атап өткім келеді. Орталық Азияның өзге елдеріндегі сайлауда дауыс берушілер ол үшін басқа арнайы мекемелерге барады. Демек, сіздердің тәжірибелеріңізді олар да үйренулері қажет.