Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Оның бірі Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде болса, қалғандары Астрахань, Омбы, Санкт-Петербург пен Қазан қаласының елшілігінде орналасқан. Дауыс берушілер төлқұжаттарымен келіп өз таңдауын жасауға құқылы. Мәскеудегі №265 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-ден бастап ашық. Чистопрудный бульварында орналасқан ғимараттағы науқан байқаушылардың жіті наразарында. Ал тұңғыш рет дауыс беруге келгендерге арнайы стикерлер ұсынылды.
Ярослав Степанов, тұңғыш рет дауыс беруші:
- Ең алдымен бұл – біздің азаматтық борышымыз. Ел болашағы біздің қолымызда. Лайықты үміткерді таңдау – аса жауапты іс. Сондықтан барлық жастарға айтарым сайлауға бір адамдай жұмылу қажет.