Еуропалық депутат сайлауда белсенділік танытуға шақырады
Еуроодақтың Орталық Азиямен ынтымақтастық бойынша делегация басшысы, еуропалық депутат Ивета Григуле осылай деп өз ойын білдірді. Қазақстан халқы Президентті сайлағаннан кейін де Кәрі Құрлық біздің елмен байланысын нығайтуға ниетті. «Ел үшін маңызы зор осы сәтте халықтың бір кісідей сайлауға қатысуы халықаралық ынтымақтастықтың бағыт-бағдарын айқындай түседі», – дейді депутат.
Ивета Григуле, ЕО-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық бойынша делегация басшысы:
- Қазақстандағы сайлау қашан да бейбіт әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Қазақстан халқы кімді сайласа да, Еуропалық Одақ онымен жұмыс істеуге әзір. Бұған дейін осылай болған, алдағы уақытта да алған бағытымыздан таймаймыз. Ал Қазақстан халқына айтарым сайлауға белсенділік танытып, ұлт мүддесі үшін таңдау жасау қажет.