Кезектен тыс президент сайлауы заңға сәйкес әділ өтіп жатыр
Айта кетейік, маңызды шараға 1013 байқаушы аккредиттелген. Олардың бірқатары елордадағы дауыс беру учаскелерін аралауда. Кейбірі біздің елде бұған дейінгі президент сайлауында да болыпты. Мамандар салыстырмалы түрде ұйымдастыру шаралары жақсарғандығын ерекше атап өтті. Дауыс беруде де ірі заң бұзушылықтар анықталмаған.
Грегорий Вильям, халықаралық байқаушы:
- Жеке өзім таңғы сағат 07:00-ден бастап 4-5 дауыс беру учаскесіне бардым. Барлығында сайлау халықаралық талапқа сай өтіп жатыр. АҚШ-тан келген байқаушылар Нұр-Сұлтан қаласымен қоса Алматы және Шымкентте де жұмыс істеуде.