Exit poll: Төлеутай Рақымбеков 3,03% дауыс жинады
Оның аймақтардағы 7 мыңнан аса сенімді өкілі дауыс беру учаскелерін аралап, әр сағат сайын саяси науқанға қатысты ақпаратпен бөлісті. Жалпы алғанда «Ауыл» партиясы үшін бұл жолғы сайлау бірқалыпты жағдайда өткен. Ешқандай өрескел құқықбұзушылықтар байқалмады. «Барлығы заң шеңберінде болды», – дейді штабтағылар. Ал «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан сайлауға қатысқан Төлеутай Рақымбековтің өзі саяси дода нәижесіне қатысты мынадай пікір білдірді.
Төлеутай Рақымбеков, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ басқарма төрағасы:
- Мен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясын ұсынған ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты нақты жеңісімен құттықтаймын! Бұл нәтиже – Қазақстан халқының өз басшылығына деген сенімінің дәлелі. Мен Мемлекет басшысының осындай өте жауапты қызметіне табыс тілеймін!