Кезектен тыс президент сайлауы заңға сәйкес әділ өтті
Олар елордадан бастап облыс орталықтары, тіпті ауыл-аймақтағы дауыс беру учаскелеріне де барып үлгерген. Кейбірі Қазақстанда бұған дейінгі президент сайлауында да болыпты. Мамандар ұйымдастыру шаралары жақсарғанын айтты. Дауыс беруде айтарлықтай ірі заңбұзушылықтар анықталмаған.
Грегорий Вильям, Халықаралық байқаушы /АҚШ/:
- Жеке өзім таңғы сағат 07:00-ден бастап дауыс беру учаскелеріне бардым. Барлығында сайлау халықаралық талапқа сай өтті. Қазақстан тарапы бізді байқаушы ретінде қатысуға шақырып, ашық сайлау өткізіп жатқандығын көрсетті. АҚШ-тан келген байқаушылар Нұр-Сұлтан қаласымен қоса Алматы және Шымкентте де жұмыс істеуде.
Отандық байқаушылар да сайлаудың ашық, әділ өткенін мәлімдеді. Олардың басым бөлігі «Аманат» азаматтық платформасының атынан қоғамдық мониторинг жүргізуге атсалысты. Айта кетейік, бірлестік он мыңнан астам адамды дауыс беру учаскелеріне байқаушы ретінде жіберген болатын.
Әкім Тұрсын, «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі:
- Біздің байқаушылар байқаған 165 ескертпе сайлау учаскесіндегі төраға, комиссия мүшелерімен орындалды. Ал заңбұзушылықтан 18 тіркелді. Оның бәріне акт жасалды. Негізгі жалпы қорытындыны ертең айтатын боламыз.