Алматы қаласында «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өткен «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда осылай деді. Үлкен орта және кіші буын өкілдеріне де өсиет қалдырды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолында кездескен қиындықтар жайлы да әңгіме өрбітті. Соның ішінде ұлттық экономиканың қирауы, этносаралық қақтығыстардың пайда болу қаупі сынды мәселелер бар.
Рауан Мыңбаев тілші:
- Қазақстандық және шетелдік мемлекет қайраткерлері, қоғам белсенділері, тәуелсіздік жылдары Елбасымен бірге тынымсыз еңбек етіп, ел еңсесін тіктеуге атсалысқандар. Бұл күні Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында сол 90-шы жылдардың көрінісі қайта жаңғырды. Тәуелсіз елдің өткені мен бүгіні толық таразыланды. Ең алдымен бұған әкімдік ғимаратының өзі түрткі болды. Себебі Алматыны тәуелсіздігіміздің «алтын қазығы» десек, сол еңселі егемендіктің орнауы осы нысаннан бастау алды.
Кез келген елдің бірегей тарихы болады және сол жолда көшбасшылық қасиетімен танылып, мемлекетін дамытудың даңғыл жолына салатын тұлға кездеседі. Осы тарихи міндетті абыройлы атқарып, халық сеніміне ие болғандардың бірі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Естен кетпес 1989 жыл. Тұңғыш Президент конференция аясында сол сындарлы кезеңді бейнелейтін көрмені аралады. Мұнда өткен 30 жылда еңсерілген қиындықтар мен тарихи табыстар көрініс тапқан.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Естен кетпес 1989 жыл уақыт өткен сайын алыстап барады. Біз тәуелсіз елдің іргесін қаладық. Жастарды көріп отырмын. 30 жыл бойы бәріміз жастар үшін қызмет еттік. Мен жастарды көргеніме өте қуаныштымын.
Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 30 жыл бұрын 22 маусымда Қазақстан коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып сайланды. Бұл сол кезеңде еліміз үшін көптен күткен оқиға болды. Халық Нұрсұлтан Назарбаевқа бірауыздан қолдау білдірді. Ал Тұңғыш Президент елдің қалауын орындай білді. Сөз жүзінде айту оңай, алайда іске келгенде бәрі қиын болғаны белгілі. Еліміз бойынша 130 кәсіпорын тоқтап, 2 млн адам жұмыссыз қалған кезеңде көршілес мемлекеттердің бағаны еркін айналымға жіберуі жағдайды тіпті қиындатып жіберді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Многие присуствующие здесь думаю хорошо помнит когда зарплату выдовали по товаром. Во многих городах кипятили горячую воду. Второе, риск межотношение. Проживали 100 этносов. И мы хорошо помним. В разных частах были конфликты.
Елдің ішінде де қарама-қайшылық көп еді. Елбасын ең қынжылтқан мәселе демографияның нашарлауы болды. Қазақстанда тұратын қазақ ұлтының өкілдері 40% жетпейтін. Мектептердің басым бөлігі орыс тілінде білім берді. Өмір сүру ұзақтығы болса тым төмендеп кетті. Ұлтаралық араздық та сол жылдары өршіп тұрды. «Бүгінгі ұрпақ бұл қиыншылықтарды білуі керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ал Семей ядролық полигонының жабылып, Арал теңізі мәселесіне баса көңіл бөлінуі ұмытылмауы қажет. Себебі екеуінің де қазақ халқына тигізген зияны көп болды. Бірі ұрпағымызды химиялық қарудың құрбаны етсе, енді бірі атадан мирас болған кәсіптен мәңгілік қол үзуге итермеледі. Дегенмен соңғысы қайта қалпына келе бастады. Бұл іс Тұңғыш Президенттің Арал халқына жасаған ең басты жақсылығы.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- А вспомните, сколько критики было внутри страны, сколько я выслушал разных обвинений? Но в результате наших усилий Казахстан превратился из отсталой периферии в наиболее успешное в экономическом плане государство, ставшее лидером развития на всем пространстве СНГ.
Өткеніміз бен бүгінімізді екшейтін тағы бір дерек. Тәуелсіздік алған жылы еліміздің ЖІӨ 11 млрд доллар болса, қазіргі көрсеткіш 170 млрд-тан асып отыр. Мемлекеттің алтын валюталық қоры да 90 млрд долларға жетті. Ал шетелден тартылған тікелей инвестиция одан 3 есе көп.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- На сегодня каждый второй проданный в РК автомобиль производится в Казахстане. Стало производиться 500 новых продуктов, которые Казахстан никогда не производил. По конкурентоспособности мы в числе 50 стран мира. Растет МСБ, сегодня он составляет 27%. В 1990 году 40% населения находилось за чертой бедности. Этот показатель снизился до 4%.
Қазір елде кедейшілік 4% төмендеді. Бастапқыда 40% болатын. Мұның өзі тәуелсіз мемлекет беделін айшықтай түседі. «Бірақ мұндай деңгейге халықтың бірлігінсіз жету мүмкін емес болатын», – деді Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Қазақстан халқының саны 3,5 млн адамға көбейді. Енді біз 18 млн-нан астық, ал қазақтар соның 70% жуығын құрайды. Кезінде шетелге кетуге мәжбүр болған 1 млн-нан астам қазақ Отанына оралды. Еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 1991 жылы 67 жастан 2018 жылы 73 жасқа дейін артты. Бір адамға арналған тұрғын үй алаңы 1,5 есе, яғни 14 шаршы метрден 22 шаршы метрге дейін өсті.
Қазақ тілінің мәртебесі асқақтап, басты құндылығымыз қайта қалпына келгеннен кейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да қолға алынды. Оның астары – қоғамдық сананы түбегейлі өзгерту. «Яғни жас ұрпақты заманауи ойлау қабілетіне бейімдеу», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Оның «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында да сол жастардың өткен тарихына қайта көз салып, бабалар жүрген соқпақты жаңғыртуға баса көңіл бөлінді.
Ұлы дала жерінің ерте заманнан сауда жолы болғаны белгілі. Сол арқылы халқымыз батыс пен шығысты, солтүстік пен оңтсүтікті жалғады. Кейін сол дәстүр үзіліп қалды. Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы осы тарихи әділеттілікті қайта орнатты. Ал елорда барша қазақстандықтың бойтұмарына айналды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Впервые в своей многовековой истории Казахстан, казахи, выбирали место своей столицы и построили эту прекрасную столицу, о чем вообще могли ли мы мечтать 30 лет назад.
Елбасы бастап, халық қоштап жеткен жетістіктердің тағы бірі – әлемде 9-орын алатын ұлы дала шекарасының шегенделуі. Көршілес жатқан мемлекеттермен осы мәселе шешімін тапты. Елбасы Азиядағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, ШЫҰ сынды бірлестіктердің құрылуына ықпал етіп, кейін оларды экономикалық интеграцияға айналдыра білді. ЕАЭО да солардың жалғасы. Алда еліміз бағындыруы тиіс бұдан да биік белестер бар. «Бұл – техникалық жаңғыру, жасанды зияткерлікті күнделікті өмірде қолдану, жаңа энергия көздерін іздеуде көш соңында қалмау», – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Қазақ халқы бірліктің арқасында елін сақтап қалғаны мәлім. Қазақты бодан ету үшін жүз-жүзге бөліп, айлакерлікпен жаулап алған. Қазір біздің байлығымызға қызығатындар көп. Ондайда жетекке еретіндерді іздейді. Ең үлкен қауіп осы. Жастар Отанынан айырылып қалатынын түсінбейді. Біз соны түсіндіруіміз керек. Тұтастықтықты сақтап қалу үшін барлық шараға бару керек.
Төңкерістің соңы қантөгіс екенін тарихтың өзі дәлелдеп берді. Тұңғыш Президенттің айтпағы осы. Бұған расымен де мысалдар көп. Жер жаһанның әр қиыры аумалы-төкпелі кезеңді бастан кешіріп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазіргі заманның қарқыны мүлдем өзгеше. Сондықтан дәл осы тарихи межеде Елбасы айқындап берген межеге адал болып, Қазақстанның өркендеуі үшін еңбек ету басты мақсат деп түсіну қажет. Осы маңызды жиында Елбасымен жылдар бойы қызмет еткен үзеңгілестері отыр. Елбасының еңбек жолы – тәуелсіз елдің жылнамасы. Сол кездегі Қазақстанның жарқын келешегіне күмәнмен қарағандар көп болды. Дегенмен теріс болжамдар орындалған жоқ.
Елбасы бастамасымен жеткен жетістіктерге шетелдік мемлекет қайраткерлері де тоқталды.
Давэй Пан, ҚХР Шанхай ғылым академиясы Ресей және Орталық Азия бойынша зерттеулер орталығының директоры:
- Нұрсұлтан Назарбаев 30 жылдық қызметінде нағыз көшбасшы екенін дәлелдеді. Жақында өткен Президент сайлауы оның сарабдал саясаткерлігін айғақтады. Билік тізгіні бейбіт жолмен ауысты. Яғни Нұрсұлтан Назарбаев өз халқын табысқа жетелей білді. Оның саясаткерлігіне халықаралық қауымдастықта да жоғары баға берілді.
Михаил Липкин, Ресей ғылым академиясы жалпы тарих институтының директоры:
- Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңес кезінен қалған тәжірибесі мен өзекті мәселелерді шешу кезіндегі тапқырлығын ерекше атап өтер едім. Владимир Путин айтқандай, ол үнемі жарқын болашаққа ұмтылып тұрады және жанына жас мамандарды ертіп жүреді. Бұл – көшбасшылық қабілет.
Ариэль Коэн, саясаттанушы:
- Джордж Вашингтон, Кемаль Ататүрк секілді қайраткерлер елінің болашағына өзінің өмірін арнады. Оңтүстік Африкада Нельсон Мандела, Изралиьде Давид Бен-Гурион халқын жетістікке жетеледі. Нұрсұлтан Назарбаевты олармен көп нәрсе байланыстырады. Ол – осы елдің негізін қалаушы. Қарапайым отбасынан шыққан азамат еді. Қазір тұтас ұлттың көшбасшысына айналып отыр.
Конференцияға қатысушылар бұл пікірмен толықтай қосылады әрі Тұңғыш Президенттің тарихи рөліне жан-жақты баға береді. Дегенмен түпкілікті ой мен қорытынды түйін біреу, ол – осы ел бағындырған белестердің Елбасы есімімен тікелей байланыстылығы. Алайда Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолда халықтың қолдауы маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Демек, халық пен билік арасында орнаған берік байланыс өз нәтижесін берді.
Авторлары: Рауан Мыңбаев, Жандос Битабаров, Дулат Ентебеков, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев