Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Арыс қаласына барып, халықтың жағдайымен танысты

Кешкісін Арысқа жеткен Президент жергілікті жұртшылықпен кездесіп, жарылыстан жарақат алғандардың денсаулығын білу үшін ауруханада болды. «Қаланы қалпына келтіреміз», – деген Президент апат салдарынан үй-күйсіз қалған халыққа баспана салып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде етті. «Арыстағы апат менің жеке бақылауымда болады», – деді Мемлекет басшысы.

Дүбірлі дүйсенбі, қалжыраған халық, үрейлі бала және арасында Президент. Кешкі сағат 20:00-де Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа аттанып бара жатқанын Twitter әлеуметтік желісінде жариялады. Ұшып барған Президент бірден жойқын жарылыстан үй-жайларын тастап кеткен тұрғындармен кездесті. Оқиға орнына Президенттің арнайы келуі әсіресе арыстықтарға үлкен қолдау болды. «Бәрі жақсы болады», – деді Президент.

Енді не болады? Қала қалпына келе ме? Алапат апатта қара шаңырағынан айырылған арыстықтардың әрбірінің көзінен осыны оқуға болар еді. Кездесу барысында Президент халықты сабырға шақырды. «Арыстың ендігі жағдайы менің жеке бақылауымда болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Түнгі қала тіпті қорқынышты. Үңірейген үйлер, құлаған қабырғалар. Оқиға ізімен жүріп өткен Президент өңір басшылығы мен төтенше жағдайлар қызметкерлеріне алғысын білдірді. Шынымен облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев пен құзырлы органдардың шұғыл әрекеті жойқын жарылыстың зардабын біраз азайтты. Кешегі Арыстағы аласапыранда 30 шақты адам ауруханаға түсті. Президент ауруханаға да арнайы барып жарылыста жарақаттанғандардың жағдайын білді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Арысқа барып, жағдайды көріп қайттым. Жағдай өте қиын, бірақ бәрін жасаймыз, төлейміз. Кішкене шыдау керек.

Арыста 19 үй, 9 мекеме өртеніп кеткен. Қала жарықсыз қалды. Жойқын жарылыстардан үйлердің 70% әйнегі сынып не шытынап кеткен. Апаттың салдары әлі саналған жоқ, яғни қанша қаржы қажеттігі әзірге белгісіз. Мұндай сәттерде материалдық құндылықтардан да жоғары бір нәрсе бар. Ол – адамның өмірі, олардың қауіпсіздігі. Мемлекет басшысы Арыстағы жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың отырысын өткізіп, осыны тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сейчас в данное время, что у нас главное, это безопасность людей, жителей города. Второе – это оказание помощи. Сейчас весь Казахстан обращается к Арысе, будет открыт марафон, будет открыт фонд. Поможем. Вопросов нет. Главное сейчас – безопосность людей. Чтобы они чувствовали себя нормально и были живы и здоровы! Я благодарю общественность города, ветеранов, они работают с насалением.

Апат айтып келмейді. Дегенмен оны болдырмауға да болар еді. Кім кінәлі? Бір емес, екі емес, Арыста осымен төртінші рет қайталанып отырған төтенше жағдайдың алдын алуға болмас па еді? Президент кінәлілерді тауып, заң бойынша жазаға тартуды тапсырды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстың асты мен үстін оқ-дәріден тазартуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Надо разобраться в причинах. Почему это произошло? Уголовное дело открыто. Расследуем. Если есть виновные, они будут наказаны по полной, как говорится в строгом соответствии нашего закона. Теперь этот склад. Зачем он нужен был? С самого начала этот склад должен был быть убран. За черту города как минимум. Но он остался по разным причинам. Теперь после всех этих взрывов все надо убрать оттуда. Арыс должен полностью очиститься от всякого рода взрывных устройств. Это мы сделаем. Продолжайте работать!

Арыстағы апаттың ауқымы зор. Қаланы қайта қалпына келтіруге уақыт пен күш те аз жұмсалмайды. Оқиға ізімен жүріп, өз көзімен көрген Президент Үкіметке үлкен міндеттер жүктеді. Дегенмен осы күндері қарапайым халықтың қамқорлығы да кем түсіп жатқан жоқ. Арыстың бойындағы бір күн Қазақстан жұртын жұдырықша жұмылдырды. Кешелі бері күллі Қазақстан бірге күбірлеп тұрғандай. Біз Арыспен біргеміз!

Авторы: Гүлжан Марқабаева