Атырауда полиэтилен және полипропилен өндіріледі
Бұл – Атырау мұнай машинасын жасау шеберлерінің еңбегі. Енді осы алып қондырғының көмегі арқылы мамандар жылына 1 млн 750 тонна полиэтилен және полипропилен өндіреді.
Александр Донсков, «Атырау мұнай машиналары» ЖШС бас директоры:
- Қазіргі уақытта бірегей және ең ірі жабдықтар пропан-пропилен бөлінісінің ректификациялық колоннасын дайындау аяқталып жатыр. Бүгінде бұл Қазақстанда өндірілетін жалғыз жабдықтың мұнай өңдеу зауыттарында да баламасы жоқ.
Қор басшысы Ахметжан Есімов «Kazakhstan Petrochemical Industries» интеграцияланған газ-химия кешені аясында полипропилен өндіретін зауыт құрылысы жөніндегі жоба жұмысымен танысты. Сонымен қатар Атырау мұнай өңдеу зауытындағы шикізатты терең өңдеу кешенінде болды. Қазір зауыттағы мұнай өңдеу тереңдігі 85,5% дейін артты. Атап айту қажет, мұнай машиналарын жасау зауытындағы қондырғы Қазақстан бойынша тұңғыш рет даярланып отыр.
Валерий Мясников, кәсіпорынның өндіріс жөніндегі директоры:
- Бұл қондырғыны жасау кезінде 120-дан астам маман жұмыс істеді. Үш ауысым бойынша қызмет еттік. Алып қондырғының құрастыру кезеңі толық аяқталысымен тексеру, іс жүзінде қолданып көру жұмыстарын қолға аламыз.
Аталған қондырғыны мұнай химиясы кешеніне орналастыру әрі бастапқы іске қосу мерзімі қазан айына жоспарланып отыр. Осынша алып қондырғыны интеграцияланған мұнай химиясы кешеніне жеткізу үшін арнайы жол да салынатын болды. Ал жаңа қондырғы отандық мұнай химиясы саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосары анық.
Авторлары: Бекен Әлирахым, Жандос Рахметуллин