Дана Нұржігіт: Шешім де қабылдануы керек, нәтиже де көрсетілуі тиіс
Жаңа заңдар да қабылданды. Президент, Парламент және Үкімет өзара ақылдасып, тығыз жұмыс істеуге кірісті. Президенттің қызметке кіріскеніне 100 күн болды. Елдегі әлеуметтік және экономикалық реформалардың беталысы халық көңілінен шығуда.
Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халықтың мұң-мұқтажына құлақ түретін мемлекет болайық» деген тұжырымдамасы осы күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде сөз болды. Шешім де қабылдануы керек, нәтиже де көрсетілуі тиіс. Бастысы – нәтиже.
Парламенттің өкілі ретінде заңдарды қабылдау кезінде заң өміршең болуы үшін белгілі салалардағы мәселеге көңіл бөлу қажет.
Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бұл турасында әлеуметтік және экономикалық мәселелерді атай аламыз. Мысалы, кәсіпкерлікке өте үлкен мән беріп отырмыз. Кәсіпкер – әрекеттің адамы. Ол – идея тауып, соны жүзеге асыратын адам. Демек, ол – қоғамның белсенді мүшесі. Бірақ бизнесті дамытамыз деп жүріп әлеуметтік мәселелерді шет қалдырмауымыз керек. Қордаланып қалған қоғам ішіндегі мәселелердің жедел және тиімді шешілуіне әрекет етуіміз керек.